03.02.2026, 13:20

«Сегізінші бала»: Абай Бегей мен әйелі болашақ сәбиінің жынысын анықтады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы оның жұбайы Фариза Жуманова жазды.

Абай бегей мен оның әйелі төртінші баласына гендер пати жасады, деп хабарлайды, Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы оның жұбайы Фариза Жуманова жазды. Ол гендер-пати жасауға күйеуінің қарсы болғанын айтты. 

Алайда отағасын қыздары райынан қайтарған.

"Тақсыр ұрсып, "жасамаймыз ондай пәле" деп... Бәшон мен Симби зорға көндірді, "Апа, блогер - бәрі қызығып күтіп жүр" деп. Кетер күні бәрін ұйымдастырып берді, жандарым. Қазір видеосын саламын, сіздерден қолдау күтемін. Төртінші бөпеде гендер пати жасаған қызық екен", - деп жазды Фариза Жуманова.

Ал одан кейін жариялаған видеоға "+ 1 бөпе" деп жазды. Видеодан өмірге келетін сәбидің жынысы қыз екенін аңғаруға болады.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап жатыр.