$ 505.17  599.54  6.59

«Төбелесіп, далада жатпайын»: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі өзіне қауіп төне бастағанын айтты (ВИДЕО)

Бұған дейін Жігер Ауыпбаев сүйіктісі барын жариялап, өзінен 15 жас кіші қызды көпшілікке таныстырған еді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі Мумина ел алдына шығып, өзіне қауіп төне бастағанын айтып, қорқатынын жеткізді. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев сүйіктісі барын жариялап, өзінен 15 жас кіші қызды көпшілікке таныстырған еді. Алайда қоғам тарапынан бұл қарым-қатынасқа қатысты сын көп айтылды.

Мумина әлеуметтік желіде жариялаған видеосында, Жігермен бірге ел алдына шыққалы бері тыныштығы кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлеуметтік желілерде қоқан-лоқы сипатындағы хаттар жиі келіп тұрған. Ал жуырда дүкеннен шығып бара жатқанда бейтаныс үш қыздың өзіне дөрекі сөз айтқанын жеткізді.

«Маған “Жігерге жолама” деп айқайлады. Не істерімді білмей қалдым. Мұндай әрекет дұрыс емес», – деді Мумина.

"Бұл әрекет дұрыс емес деп санаймын, кейін енді мен Жігер үшін деп төбелесіп, далада жатпайын, масқарамыз шығып”, деді.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі қызды қолдаудың орнына, керісінше, мазаққа жақын пікірлер қалдырып, видеоны сынға алды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 1