Осындай киіну үшін стилист қажет пе?
Танымал қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова киім үлгісін өзгертіп, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
46 жастағы өнер иесі жаңа образдағы суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Әншінің айтуынша, енді оның командасында жаңа стилист бар.
– Командама жаңа стилист келді. Ол Мадина Сәдуақасованы осылай көреді екен. Бірден айтыңыздаршы, қалыпты ма, әлде оғаш па? Мұндай стильмен жүруге әлі үйренуім керек, бірақ өзіме ұнап тұр, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Мадинаның жаңа стиліне қатысты ортақ пікірге келе алмады. Оқырмандардың бір бөлігі әншіні қолдап, жылы лебіз білдірсе, енді бірі мұндай киімді стилистсіз-ақ таңдауға болатынын алға тартты.
Пікірлерден үзінді:
– «Сұлусың!» – «Тамаша стиль!» – «Қандай образ, от!» – «Мадина, сізге бәрі жарасады». – «Бұрынғысынан әлдеқайда жақсы». – «Жарасады, бірақ бір ашық түсті қосу керек сияқты». – «Жоқ, бұл стильді қазір бәрі киіп жүр». – «Осындай киіну үшін стилист қажет пе?» – «Қара түс сізге жараспайды, сіз ашық әрі жарқынсыз».
Пікірлердің біріне жауап ретінде әнші қысқа ғана жауап қалдырды. «Осындай киіну үшін стилист керек емес, мен де дәл солай өзім киініп жүрмін» деген жазбаға Мадина:
– «Талғамыңыз керемет», – деп жауап берді.