$ 505.17  599.54  6.59

«Келіннің сырға-сақинасын тақтық»: Ырысбала Икрамбай Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады. Өнер иесі блогер Ырысбала Икрамбайдың ұлының тұсаукесер тойына арнайы қатысып, жас отбасыға ақ тілегін білдірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші мерекелік шарадан кейін желіде әсерімен бөлісіп: 

«Ырысбала келіннің сырға сақинасын тағып қайттық. Отбасыңда тек қуаныш пен береке орнасын!» – деп жазды.

Бұл жазбаға блогер Ырысбала Икрамбай да жауап беріп, елге белгілі әншіге ерекше алғысын жеткізді.

«Жақсылыққа, тойға тағыңыз, жаным апау! Бар жақсылыққа лайық жансыз. Алла ұзақ ғұмыр берсін. Сізді құрметтеп, бас иетін халқыңызға еркелеп жүре беріңіз. Қарапайымдылығыңыз бен кең пейіліңіз бізге әрдайым үлгі», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да қос өнер иесінің бір-біріне деген ілтипатына риза болып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0