$ 503.44  593.35  6.55

«Қазір Forbes-тағылармен араласам»: Жахан Отарғалиев Тұрсынбек туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Кез-келген жерде өзімді ұстай аламын.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Актер Жахан Отарғалиев әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ешқандай өкпесі жоқ екенін жеткізді. Ол Тұрсынбекпен төрт жыл қатар жүріп, кәсіби тұрғыдан көп нәрсе үйренгенін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

"Тұрсынбекке өкпе жоқ, жанында 4 жыл жүрдім. Тек қана плюс алдым. Қазір жастарға айтқым келетіні, қазір жастар бір жерде ұзақ жүре алмайды. Тез нәтиже көргісі келеді. Мен 4 жыл жүріп, өміріме керек тамаша тәжірибе жинадым. Адамдармен сөйлесу, Тұрсынбек қалай өзін ұстайтыны, бастықтар мен бизнесмендермен қалай сөйлесетіні, кез-келген ортада күлдіре алуы бәрі сабақ болды. Қазір мен Forbes-тағы адамдармен араласам. Кез-келген жерде өзімді ұстай аламын. Соның барлығын Тұрсынбектен үйрендім. Тойға кеткенде де, таза Тұрсынбектің стилімен жүргіздім", - дейді әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0