04.02.2026, 18:20

«Өзге тілді төріме шығармаймын»: Жанар Айжанова тіл мәселесіне қатысты елге үндеу жасады (ФОТО)

Фото: zhanar_aizhanova/insragran

«Шымшық сойса да, қасапшы сойсын». 

Белгілі әнші Жанар Айжанова қоғамда талқыланып жатқан тіл мәселесіне қатысты өз үнін қосып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген қазақтың қызымын. Не істесе де, жолын білетін, ретін білетін, болашағын көретін маманның істегені маңызды. 

Мен әнші ретінде қазақ тілінде ән саламын, дәстүрлі қазақ әнін ұмыттырмауға, жаңғыртуға барымды саламын. 

Мен актриса ретінде тек қазақтілді жобаларға қатысып, қазақша мазмұнды байытуға қосыламын. 

Мен ана ретінде бала-шаға, немере-шөберемді қазақша тәрбиелеймін. Барлық салт-дәстүрді ұстанамын. Отбасымда өзге тілді төрге шығармаймын. 

Құдай қандай рөл берсе де, сол қызметімді әуелі өзім мен ұрпағым үшін қазақ тілінде жасап жатырмын. Одан артық болмасам, кем болған жоқпын. Сондықтан әркім өзінен бастағаны дұрыс. 

Дәл қазір арандатуға ат салысуға болмайды. Әркім өз жұмысын білсе, өз жолын тапса, әділдікке қызмет етсе - еліміздің болашағы да жарқын болады", деп жазды Жанар Айжанова.