Мақпал Жүнісова – халықтың сүйікті әншісі!
Бауыржан Момышұлының келіні, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова әнші Мақпал Жүнісоваға қатысты ренішін ашық айтты. Бұл сөздер тікелей эфир кезінде айтылып, көпшілікке тарап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Зейнеп Ахметованың айтуынша, марқұм Заманбек Нұрқаділов оған жақын туыс болған.
«Мақпал қиын кезеңде жалғыз қалғанда, психологтан кем емес қолдау көрсетті, қаралы күндерінде жанынан табылды», – деді ол.
Алайда желі қолданушылары бұл пікірмен келіспей, Мақпал Жүнісованың жағына шықты.
Көпшілік пікір білдіріп, әншіні қолдап жазба қалдырды:
«Мақпал Жүнісова – халықтың сүйікті әншісі! Біреудің тағына таласуға болады, бірақ бағына таласу мүмкін емес»,
«Мақпал апамыз – халық әншісі»,
«Ол – дара тұлға, елдің ерке қызы. Оның сағын сындыруға ешкімнің қақысы жоқ. Әндерінің бәрі тыңдарманға ой салады», – деп жазды желі қолданушылары.