05.02.2026, 06:30

«Оның да бар шегі болу керек»: Төреғалидың әйелі күйеуінің қыңыр мінезін жайып салды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Не үшін мыжып отырсың?

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын әлеуметтік желіде отбасылық өміріне қатысты ойын бөлісіп, көпшіліктің талқысына түсті. Ол сұхбаттарының бірінде күйеуінің мінезі, әсіресе қызғаныш мәселесі жайлы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Толқынның айтуынша, өнер адамының жары болу оңай емес. Себебі сахнада жүрген адам әрдайым көпшіліктің назарында болады. Осыған байланысты тұрмыста түрлі түсінбеушіліктер де туындап тұрады. Ол күйеуінің қызғанышы кейде шектен шығып кететінін жасырмады.

«Қызғаныштың да өз орны, өз шегі болуы керек. Кейде түсіністік танытқан дұрыс», – деді ол өз сөзінде.

Алайда желі қолданушылары Толқынның әңгімесін түрліше қабылдады. Кейбір тыңдармандар оның баяу әрі созбалап сөйлеуіне наразы болды.

Пікір қалдырғандар:

«Тезірек сөйлесеңші, ішім пысып кетті», «Не үшін мыжып отырсың?», «Әртіске тұрмысқа шықсаң, осындай жағдайға дайын болу керек қой», – деп жазды олар.

Сонымен қатар, кейбір оқырмандар Толқынға қолдау білдіріп, оның ашық пікір айтуына батылдық керек екенін атап өтті. Олардың айтуынша, отбасылық өмірде қызғаныш мәселесі көп жанұяда кездеседі және бұл тақырыпты жасырмай айту – қоғам үшін маңызды.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі мен Толқын жұбы бұған дейін де желіде қызу талқыланып жүрген. Олардың қарым-қатынасы әрдайым ел назарында. Бұл жолғы әңгіме де көпшіліктің түрлі пікір айтуына себеп болды.