06.02.2026, 11:40

Димаштың қарындасы қазақтың ұлттық тағамдарын Дохада паш етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Өзіне бәрі жарасымды.

5 ақпанда Раушан Құдайберген Instagram парақшасында Дохада қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау барысынан кадрлар жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Димаштың қарындасы өз командасының гастрономиялық сапары туралы көп мәлімет бермей отыр. Әлеуметтік желі талаптарына сай, ол интриганы сақтауды жөн көрген.

Алайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 4–7 ақпан аралығында Дохада Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтіп жатыр.

«Бұл ауқымды халықаралық іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Катарға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдер аясында ұйымдастырылды және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық ұлттық мұраны шетелде насихаттауға бағытталған», – делінген ведомство хабарламасында.