"Бір көргеннен танып қойды баласын".
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин анасына ерекше тосын сый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі анасының туған күнін ерекше етіп атап өту үшін ешкімге айтпай Ақтөбеге ұшып барған. Қасына екі қызын да алған.
Ол анасы тойлап жатқан дәмханаға даяшы болып киініп кіріп келді.
Осылайша әнші "пранк" жасады. Оны көрген анасы шын қуанышы мен эмоциясын жасыра алмады. Қатты қуанып, ұлын құшақтады.
Сондай жылы көрініске желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Анасын қуантқан баланы Алла сыйласын", "Сендей баласы бар, анаңын арманы жоқ болар", "Бір көргеннен танып қойды баласын", "Анаңыздың дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын", - деп жазды оқырмандар.