$ 491.88  585.83  6.36

«Өзіне жарасады»: Тоқтар Серіков көпшілікке ерекше қырын көрсетті (ВИДЕО)

Тоқтардың биі көңіл көтереді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Тоқтар Серіков «1001 түн» телебағдарламасында кезінде желіде кеңінен талқыланған әйгілі биін тағы бір мәрте орындады. Бұл жолы өнер иесі студия жүргізушілерімен бірге билеп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама барысында көтеріңкі көңіл күй орнап, студиядағы атмосфера мерекелік сипатқа енді. Тоқтар Серіковтің еркін қимылы мен сахнадағы сенімді жүрісі көрерменнің көңілінен шықты. Жүргізушілер де әншіге қосылып, би көрінісін одан әрі жандандыра түсті.

Айта кетейік, аталған би бір кездері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, түрлі пікір тудырған болатын. Кейбір қолданушылар сын айтып, хейт білдірсе, енді бір бөлігі өнер иесінің еркін стилін қолдаған еді. Уақыт өте келе бұл би көпшілікке үйреншікті болып, Тоқтар Серіковтің өзіндік сахналық ерекшелігі ретінде қабылдана бастады.

Қазір желі қолданушылары оның бұл қадамын жеңіл әзіл мен позитив ретінде бағалап жатыр.

«Тоқтардың биі көңіл көтереді»,
«Өзіне жарасады»,
«Көңілді, еркін адам екені көрініп тұр» деген пікірлер жиі кездесуде.

Осылайша, бір кездері дау тудырған би бүгінде көрерменнің ықыласына бөленіп, әншінің образын толықтыра түскендей. Тоқтар Серіков өнердегі еркіндігі мен өзіндік стилі арқылы жұртшылықтың назарынан түспей келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0