13.02.2026, 13:40

«Тұрсынбек бар жағдайын жасап кетіпті»: Мөлдір Мұқан зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Бұл үйдің жоспарын өз қалауымызға сай қайта жасақтадық". 

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа үйін көрсетіп, рум-тур форматында видео жариялады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары зәулім баспанасында тұрып жатқанын көпшілікке паш етті.

Өнер иесінің айтуынша, үйдің жалпы аумағы шамамен 300 шаршы метрді құрайды. Ол баспананың жобасына өздері өзгеріс енгізгенін айтты.

«Бұл үйдің жоспарын өз қалауымызға сай қайта жасақтадық. Бөлмелер кең әрі жарық болсын деп, бірнеше қабырғаның орнын өзгерттік. Қонақ күтуге арналған залды барынша кең етуді жөн көрдік», – дейді Мөлдір.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі "Тұрсынбектің арқасында осындай үйде тұрып отыр", "Тұрсынбек бар жағдайын жасап беріпті", "Тұрсынбектің еңбегі бәрі" десе, енді бірі "Мөлдір еңбегімен жетті", "Өзіне лайық баспана" деген сынды қолдау пікірлерін қалдырған.