$ 496  588.01  6.42

«Өнерге келмес пе едім»: Бағлан Әбдірайымов ішіндегісін ақтарды

"Кәсіби спортшы болмасам да, боксқа бала күнімнен икемім бар әрі өзім жақсы көремін".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші өзінің бокс спортын жақсы көргенін, чемпион болуды армандағанын айтып ішіндегісін ақтарды. 

«Кәсіби спортшы болмасам да, боксқа бала күнімнен икемім бар әрі өзім жақсы көремін. Өнерпаздар арасында өткен бокс сайысында осы икем-қабілетім жетістікке жеткізді. Бала күнімнен кәсіби тұрғыда айналысқанымда, бәлкім, өнерге келмес пе едім. Біздің ауылда бокс мектебі болмады. Бекзат Саттарханов секілді ағаларымыз Олимпиадада өнер көрсеткенін көріп, қатты қызығып, армандадым. Сол қиялмен 2012 жылы өнерпаздар арасында өткен бокс додасында жеңіске жетіп, арманыма жеттім», - дейді әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0