Жазбада: «Димашымда бүгін күрес күні. Қолдауға келдім» деген мәтін де бар.
Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасына қатысты тағы бір видео қызу талқыға түсті. TikTok платформасында жарияланған кадрда баланың күрес жарысына қолдау көрсетуге келген әйел өзін: «15 жылдық махаббатымыздың нәтижесі - тұңғышымыз Димаш Тұрсынбекұлы» деп таныстырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Видео қысқа уақытта желіге тарап, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілік бұл сөзді «Тұрсынбектің тоқалы айтты» деп қабылдап, отбасылық жағдайға қатысты жорамалдарды қайта қыздырған. Кадрдан баланың татамиде белдесіп жатқан сәті көрінеді.
Жазбада: «Димашымда бүгін күрес күні. Қолдауға келдім» деген мәтін де бар. Автор ұлын мақтан тұтатынын жасырмаған.
Пікір бөлімінде де қызу талқылау байқалады. Бір қолданушы: «Тұрсынбектің керемет бес баласы мен Сұлу Мөлдір биіктерден көріне берсін. Тұрсынбек өз отбасына оралсын», - деп жазған. Тағы бірі: «Балалардың кінәсі жоқ қой. Екі отбасы да аман, бақытты болсын», - деген тілегін қалдырған. Ал кей желі қолданушылары бұл тақырыпты қозғауды тоқтатуға шақырып, «Бұл - Тұрсынбектің жеке мәселесі» деген пікір білдірген.
Айта кетейік, видео TikTok желісіндегі @aiman.turs парақшасында жарияланған.