$ 496  588.01  6.42

«Бүкіл Қазақстан қуанып отыр»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-енесін жаңа үйіне шақырды (ВИДЕО)

"Қандай жылы көрініс". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс той жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қоныстойдың алғашқы қонақтары етіп өзінің әке-шешесін, ата -енесін, кіші келіні мен әулеттің үлкендерін шақырған. Гүлзира Айдарбекова келінінің жаңа үйіне шашу шашып құттықтады. Екі жақтың үлкендері бір дастарханға жиналып, өте жылы көрініс болды. Арнайы аспазды шақырып, ерекше тағам түрлерін ұсынды.

Гүлзира Айдарбекова келініне 1 миллион теңгені сыйлық ретінде табыстады. 

Оқырмандар қатты қуанғандарын айтып, Жұлдызды жаңа қонысымен құттықтады.

"Қандай жылы көрініс", "Көз тимесін", "Жұлдыз ақылды ғой, өте дұрыс жасадың", "Бәрін бірге көріп қуанып отырмыз", "Рәбия Сұлтан дүниеге келіп, бәрінің басын қосты", "Осылай төрт көздеріңіз түгел болсын", "Бүкіл Қазақстан қуанып отырған шығар сіздерді көріп", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0