$ 496  588.01  6.42

«Жасым 23-те, никаб киемін»: Рүстем Жүгінісовтің тоқалы бар шындықты жайып салды (ФОТО)

"Бір-бірімізді ұнатып, аз уақытта неке қидық". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің екінші әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол онымен некелескенін, баласы барын ашық түрде айтты.

"Жасым 23-те. Тұрмыста болмағанмын, алғашқы некем. 2 жылда үшінші әйел алғаны шын. Оны балаларымен алды. Қызғанамын, әрине. Кез-келген әйел қызғанады. Қазір күйеуіммен тұрамын. Бірінші әйелімен ажырасқан жоқ. Ұлымның атын күйеуім қойды. Қызымның атын мен қоямын. Күйеуіммен арамыз 7 жас. Бірінші және үшінші әйелімен қарым-қатынасым жоқ. Никаб киемін. Бір-бірімізді ұнатып, аз уақытта неке қидық" , - деді ол.

Желі қолданушылары Рүстемнен көңілдерінің қалғанын айтып, бірінші әйелін аяп жазуда.

"Әйелі сондай әдемі, өнерлі еді. Тұмшалап тастады", "Ауыр екен, басқа салмасын", "Өздерінің адасып жүргенін білмейді", "Бақыт деген осы ма сонда?", "Нәпсісін тыя алмайды екен", -деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0