Әзірге актрисаның өзі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Құралай Анарбекова көпшілік алдына жаңа бейнесімен шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде актриса әрі продюсер Құралай Анарбекованың бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр. Видеода оның мейрамханалардың бірінде жүргені байқалады. Кадрдан актрисаның жүкті екені анық көрінеді. Желі қолданушылары бұл сәтті белсенді түрде бөлісіп, түрлі пікір қалдыруда. Қысқа уақыт ішінде бейне көп қаралым жинап, талқыға түсті.
Әзірге актрисаның өзі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.