$ 496  588.01  6.42

Күтпеген еркектер жағдай сұрап, есігімізді қағып жатыр – Мөлдір Мұқанова (ВИДЕО)

Әншінің сөзінше, бір күні ол үйіне арнайы келіп, Мөлдірдің жағдайын сұраған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанованың тойлардың бірінде Хантөре есімді жігіт туралы айтқан әзілге толы видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада өнер иесі үлкен тойлардың бірінде достары мен жақындарының ортасында қызықты оқиғамен бөліскен. Оның айтуынша, Хантөре сөз саптауы салмақты, мақалдатып сөйлейтін, көзге тура қарап әңгімелесетін жігіт екен.

Әншінің сөзінше, бір күні ол үйіне арнайы келіп, Мөлдірдің жағдайын сұраған. «Мені жас көрінді ме екен, “апай” не “тәте” демей, бірден атыммен атады», – деп әзілдейді продюсер.

"Ол кезде үйде өзім жоқ едім. Мөлдірдің жағдайы жақсы ма? Сұхбатын көріп мұңайып қалдым деп айтыпты", - деді Мөлдір ханым. 

Сондай-ақ ол күтпеген адамдардың өзі халін біліп, есігін қағып жатқанын қалжың араластыра айтып, жиналған көпшілікті күлкіге қарық қылды.

"Жағдайымды сұрап, есігімді қаққан еркек қой. Күткен еркек емес, күтпеген еркектер жағдайымызды сұрап, есігімізді қағып жатыр",  - деді продюсер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0