$ 489.99  580.25  6.38

Әнші Qarakesek сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды

Бүгін айыпталушы Омар Амантаев сот отырысына уақытын білсе де келмей қалды. мари

Фото: shazam.com
Фото: shazam.com

Ақтөбе қалалық сотында айыпталушы Омар Амантаевқа қатысты сот отырысы басталды. Qarakesek лақап атымен танымал әншіге Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Алайда ол бүгін сот отырысына келмеді. Алдымен қорғаушысы арқылы бірнеше минутқа кешігетінін хабарлағанымен, кейін мүлде қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін айыпталушы Омар Амантаев сот отырысына уақытын білсе де келмей қалды. 

— Сот отырысы күні мен уақытын біле тұра келмеді. Кешігіп келе жатқанын айтқан соң үзіліс те жарияланды. Алайда сотқа дәлелін келтірмеді. Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабы негізінде сотталушы Омар Амантаев сот отырысына мәжбүрлеп жеткізілсін. Сот отырысы 19-ақпан сағат 15:30–ға белгіленсін, — деді судья Т. Саликов.

Еске салсақ, былтыр күзде Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген рэп орындаушысы Qarakesek ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0