Аталған тұлға бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Әлеуметтік желіде әншінің наркологиялық орталық маңында мас күйдегі видеосы тараған еді. Полицияға оның үстінен тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама түскенін растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Полиция департаментіне көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан көршісінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы хабарлама түскен.
Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел түрде барды. Ақпарат расталды. Азамат өзін-өзі бақыламайтын күйде болып, айналасындағыларға агрессия танытып, тұрғындардың тыныштығына қауіп төндірген. Аталған азамат медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге мамандардың бақылауына орналастырылды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу деректері бойынша шаралар қабылданды.
Аталған тұлға бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.