"Музыкалық аспаптарда ойнауға болмайды".
Танымал әнші Рүстем Жүгінісов желідегі парақшасында көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқырмандардың бірі одан "Өнерге келесіз бе? Дінді де дәріптей беріңіз, негізі өнер адамысыз ғой, сағындық даусыңызды!", - деп сұраған.
Жүгінісов әзірге сахнаға қайта оралмайтынын жеткізді.
"Мен өнер адамымын және өнер адамы болып қала беремін. Мен кеше бір ән салғанға кейбір адамдар сахнаға қайта оралады деп айтып жатыр екен. Сахнаға қайта оралу ойымда да жоқ. Маған қазіргі өмірім ыңғайлы, жайлы. Музыкалық аспаптарда ойнауға болмайды. Бірақ әке, ана туралы мағыналы әндерді орындауға ғалымдар рұқсат берген. Зинаға, күнәға шақыратын, ширк әндерді айтуға болмайды", - деді ол.