26.02.2026, 14:20

«Масқара, мынау ұят қой!»: Танымал журналист Меруерт Түсіпбаеваға араша түсті (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзін отандық телеарналардан шеттетілгені туралы мәлімдеме жасаған еді.

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзін отандық телеарналардан шеттетілгені туралы мәлімдеме жасаған еді. Журналист Гүлмира Әбіқай әншіге араша түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Масқара, өнердегі қара тізім әлі бар ма не? Мынау ұят қой? Мәдениет және ақпарат министрлігі, ресми жауап күтеміз. Баяғыда осы тв-ға ананы салып, мынаны алып әуре болып жатушы еді. Мұндайдан Меруерт Түсіпбаева бағасы артпаса түспейді», — деп пікір білдірді ол.