"Мамаңды мен негізі махаббатпен алғанмын 1988 жылы".
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кіші келінінің бірнеше сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ең алдымен ол қайын атасынан "Жас қосылған сайын махаббат жоғалмай ма?", - деп сұрады.
"Мамаңды мен негізі махаббатпен алғанмын 1988 жылы. Қазір бізде махаббат десем өтірік болады. Қазір біздің махаббатымыздың барлығы сендерге, немерелерге ауып кеткен. Бізде сыйластық бар. Қазір тек сыйласамыз", - деді Нұртас Айдарбеков.
Бұған қоса келіні не себепті Қайрат Нұртасқа басқалардан қаталдау қарайтынын да сұрады.
"Үш баламды да бірдей жақсы көремін. Бірақ Қайрат елдің алдында жүрген бала. Аян мен Заңғар қарапайым жүрген балалар. Халық Қайратты төбеге көтеріп қойды. Балам, сен дұрыс жүр деп айтамын. Әйтпесе оны ұрып жатқаным жоқ. Өзі де жас бала емес, бірақ әкесі болған соң маған кішкентай көрініп айтамын", - деді ол.
Нұртас Айдарбеков сондай-ақ келіндеріне неліктен "қызым" деп атайтынын да түсіндірді.
"Сені балам жақсы көреді, немерелерім жақсы көреді, мен де жақсы көремін. Жақсы көрмеуге себеп жоқ. 3 тәтті немере сыйладың. Қызым ретінде жақсы көремін", - деп жауап берді.
Желі қолданушылары оның жауабына тәнті болып, пікірлерін жаудырды.