Көліктің сыртында арнайы жазу да бейнеленген.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, оған көлік сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Мишабай, аман есен елге жетуіңмен! Өзімнің атымнан ғана емес,сенің жеңісіңнен мерейі көкке көтерілген барша қазақстандықтардың атынан уәде еткенімдей көлік табыстадым. Саған мықты денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін", - деді Димаш Құдайберген.
Белгілі болғандай, бұған дейін өнер иесі спортшының ірі жеңісінен кейін оған автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген еді. Жуырда сол уәдесін жүзеге асырып, чемпионға жаңа көлік табыстаған.
Михаил Шайдоровқа заманауи үлгідегі жаңа автокөлік сыйға берілген. Көліктің сыртында арнайы жазу да бейнеленген.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров халықаралық аренада ел намысын қорғап, Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен еді. Ал Димаш Құдайбергеннің бұл қадамы көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, қызу талқылануда.