Видеода әншінің сахнада «Дархан «сәлем сал, Тараз менің жерім» деп қоймай жатыр», деп саханаға жолдасын алып шыққан.
Танымал блогер Daricorn Тараз қаласында өткен концертте қайын жұртына сәлем саламын деп сынға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Видеода әншінің сахнада «Дархан «сәлем сал, Тараз менің жерім» деп қоймай жатыр», деп саханаға жолдасын алып шыққан.
«Сіздерге келін әкелдім, 5 жылда бір cәлем салдырмаппын. Соны бүгін салсыншы», - дейді блогер Дархан Жолшыбеков.
Көпшілік әншінің саханада сәлем салғанын сынға алып, түрлі пікір жазуда.
"Осылардын концеріне кім барады", "1 әнмен концерт бере беретін болған ба?", "Мазақ қылды", "Билетты тегін берсе де бармаймын", "Сәлем салу халқымыздың қадірлі де қасиетті салтының бірі ғой. Оның орны бөлек. Сәлем салу адамның сый-сыяпаты мен адал ақ ниетін білдіреді. Сәлем салатын болса шашын жинап, орамалын тартып, жарасымды көйлегін киіп иіліп сәлем салса кім де болса разы болар еді. Бұл келіндікі "сендерге осы да жарайды" деген болды", - деп пікір жазған оқырмандар.