$ 497.56  586.92  6.44

«Анасы қарсы болды»: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі бар шындықты айтты

Оранған түріме қарсы болды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шыққан әнші Жігер Аупбаевтың қазіргі сүйіктісі Мумина сырын айтам деп, шынын айтып қойды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тікелей эфирде өзіне қатысты сұрақтарға жауап беріп отырып Мумина Жігерге дейін өзінің сүйіктісі болғанын айтты. 

"Бұрын сүйген жігітім болды. Бірақ оның анасы менің оранған түрімді көріп, біздің бірге болуымызға қарсы болды. Солай ол жігіттен айырылыстық. 

Жігер екеуіміз танысқан соң, көп өтпей, ол жақындарымен мені таныстырды. Жігердің анасы да орамалдағы кісі болғаны үшін, менің орамалыма қарсы болмады. 

Мен Жігердің киімдерінің дизайнын жасап беремін. Біз солай таныстық" деген Мумина "Жігермен бірге тұрасыңдар ма" деп қайталап сұраған оқырмандарының сауалынан аттап кетіп отырған. 

Кейін шыдай алмай, "иә, біз бірге тұрамыз"деп салды. 

"Масқара, неке қидыңдар ма?", "некесіз бірге тұрып жатсыңдар ма?", "некесіз бірге тұру харам ғой" деген пікірлер ауыр тиді ме, Мумина эфирін жауып тастады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 0