Дубайда тыныш па екен?
Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызының Дубай көшелерінде көлікте түсірген видеосы тарала бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбаны танымал әзілкештің қызы өзі жүктеген. Кадрдан Әдемі Тұрсынбекқызының атақты Бурдж халифа ғимаратының жанында көлікпен келе жатқанын көруге болады. Жолда тоқтап тұрған сәтте түсірілген видеода ол "16 қыз" әнін шырқаған.
"16 қыз - Айым Аманғали", - деп жазды ол видео сипаттамасына.
Мұны көрген желі қолданушыларының бірі алаңдаушылығын білдірсе, енді бірі таңданысын жасыра алмаған.
«Әкесі мен анасының өнері дарыған», «Дауысың қандай керемет!», «Дубайда тыныш па екен?", "Аман бол, сұлу қыз!", «Ақылды екені көрініп тұр», Сана биігіндегі қыз" деп жазды желі қолданушылары.