$ 497.56  586.92  6.44

«Айтыстың арыстаны, киллері»: Бір топ ақын Бекарыс Шойбекке ерекше құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Қазаны оттан, ал өзі аттан түспесін!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Бүгін, 2 наурыз күні Бекарыс Шойбеков 50 жасқа толды. Осы ретте оның үйіне өнердегі достары арнайы барған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақындар мерейтой иесіне құр қол келмей, сый-сияпатын ала келген. Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов және Сырым Әуезхан бастаған ақындар туған күн иесіне шапан жауып, құттықтауларын жаудырды. Сондай-ақ олар Бекарыс Шойбековке ат мінгізді. 

Ат мінгізу сәтінде шылбырды ұстап тұрған Сырым Әуезхан әзіл-қалжыңы аралас: "Бұл - Айнұр таңдаған ат" дегенді айтып қалды. 

Бұдан бөлек ақынға құрмет көрсету сәті түсірілген видео "Жансырымның жансыры" парақшасында жарияланған.
 
"Бүгін қазақ айтысының көзі тірі аңызы Бекарыс Шойбековтың елу жылдығымен құттықтап,келе жатқан мерейлі мерейтойының қарсаңында астына арғымақ ат мінгізіп, үстіне қазақы дәстүрмен шапан жауып қайттық. Қандай заман келсе де, трендтен түспейтін айтыстың арыстаны, қарсыластарының киллері Бекарыс ақынды айтыссүйер халық та, айтыскер ақындар да ерекше мойындайды. Өзі айтыстың сахнасында, аты көкпардың додасында атой салып, қай қияға салса да, олжасыз қайтпайтын оғланымыздың өмірі ұзақ болсын! Қазаны оттан, ал өзі аттан түспесін!", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0