Кейбір оқырмандар оны Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан секілді танымал тұлғалармен салыстырып, «оларға брендтік заттар сыйлайды» деген пікір білдірген.
Жақында қоныс тойын атап өткен танымал актриса Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желіде анпакинг жасап, қонақтар тарту еткен сыйлықтарын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жазбасында:
«Қонақ келсе – құт келер» — деп бөлісті.
Желі қолданушыларының бір бөлігі актрисаны жаңа қонысымен құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды. Дегенмен пікір қалдырушылар арасында сын айтқандар да болды.
Кейбір оқырмандар оны Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан секілді танымал тұлғалармен салыстырып, «оларға брендтік заттар сыйлайды» деген пікір білдірген.
Тағы бір желі қолданушысы: «Аттары дардай, әкелгендері қылдай», — деп жазса, енді бірі: «Осындай ұсақ-түйек зат та әкеледі екен-ау», — деген сыни көзқарасын қалдырған.
Соған қарамастан, көпшілік актрисаның қарапайымдылығын атап өтіп, қонысы құтты болуын тілеуде.