$ 498.09  577.34  6.41

«Отбасыма оралғым келеді»: Тұрсынбектің қызы Дубайдан елге қайта алмай отыр (ФОТО)

"Ата-анам әр бес минут сайын хабарласып, уайымдап отыр".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы ахуалға қатысты оқырмандарына үн қатты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

"Бұл елде бес жыл тұрып келемін. Қаншалықты қауіпсіз екенін жүрегім сезеді. Сабақ 8 наурызға дейін онлайн форматқа көшті. Өзімді карантиндегідей сезініп жүрмін", – деп жазды ол.

Әдемі уақытша онлайн оқуға көшу өзіне оңай соқпағанын жасырмады. Үнемі жоспармен жүріп үйренген ол үшін қозғалыстың азаюы ерекше әсер еткен.
Сондай-ақ желідегі "елге неге қайтпайсың?" деген сұрақтарға жауап берді.

"Мен қайтқым келмейді дейсіздер ме? Әрине, үйге қайтқым келеді. Ата-анам әр бес минут сайын хабарласып, уайымдап отыр. Егер отбасым жанымда болса, өзімді әлдеқайда қауіпсіз сезінер едім", – деді Әдемі.

Сөз соңында ол өзіне алаңдаған жандарға алғыс айтып, жағдайының жақсы екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0