04.03.2026, 11:40

«Қызымды өзге үйге «келін боласың» деп өсірмеймін»: Жұлдыз Әбдікәрімова бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты (ФОТО)

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial.

Дұрыс, бұл сөзді тек қыз өсіріп отырған жақсы түсінеді!

Актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады. Ол ерекше стильдегі фотоларын жариялап, өз үйінде қыздарына «қонақ» деп қарамайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Біліп жүргейсіз.

Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге “келін боласың”-деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес қолдау бар», — деп жазды ол.

Аталмыш жазба желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Бірі актрисаның пікірімен келіссе, тағы бірі бұл түсініктің қазақы дәстүрге қайшы келетінін айтуда. 

«Дұрыс, бұл сөзді тек қыз өсіріп отырған жақсы түсінеді», «Осындай анасы бар қыздарыңыз қандай бақытты», «Қазір осылай ойлайтын адамдар көбейді, дұрыс емес. Қыз бәрібір де қонақ», «Бұл қазақы дүниетанымға келмейді, бізге бұлай ойлаған жараспайды», — деп жазды олар.