"Сағыз, оверсайз костюм, кең шалбар – нағыз 90-жылдардың стилі".
Танымал қазақстандық продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаевтың архивтегі видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Продюсер Instagram парақшасында 28 жыл бұрын түсірілген ескі видеосын бөлісті. Кадрдан шоуменнің Шиелі ауылында өткен би кештерінің бірінде достарымен көңіл көтеріп жүргенін көруге болады.
"1998 жыл. Шиелі. Дискотека! Қатты күлмейміз", – деп жазды ол видеоны жариялаған кезде.
Желі қолданушылары архив кадрды жылы қабылдап, пікірлерін жаудырды.
"Нұреке, жас кезіңізде сізге қатты ұқсайтындар көп еді", "Мен туған жылы сіз кәдімгідей билеп жүр екенсіз ғой", "Сағыз, оверсайз костюм, кең шалбар – нағыз 90-жылдардың стилі", "Осы кезде-ақ бай адамның түрін жасап жүрсіз ғой", "Билеуге ерініп тұрсыз ба?" – деп әзіл аралас пікір қалдырды олар.