$ 493.36  572.84  6.29

«Сөзімде тұрмағаным үшін кешірші»: Төреғалидің қарындасы бауырына арнап жазба жариялады (ВИДЕО)

Ол Төреғали Төреәлінің тұңғышы Кәусар туралы жазған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы Дина Төреәлі желідегі парақшасында ерекше жазба жариялап көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Төреғали Төреәлінің тұңғышы Кәусар туралы жазған.

"Кәусарым туылғаннан екеумізде ерекше байланыс бар. Тұрмысқа шығамын дегенше Қызылордада бірге емге қатынайтын едік. Түрлі фотосессия жасап екеуміз күнде қыдыратынбыз. Сол күндерді қатты сағынамын деп жиі айтады.
Сен аяққа тұрмайынша қасыңнан кетпеймін деп айтқан сөзімде тұра алмағаным үшін тәтеңді кешірші, ботам. Алланың дегені, қалауы басқа екен. Бірақ мен шын жүрегіммен бір жақсылыққа сенемін! Екеуміз армандаған күндерге әлі жетеміз.
Аллам бар мейірімін ерекше балаларға төксе екен. Барлығы сап-сау болып әлемде ауыратын балапандар болмаса екен деп тілеймін…", - деді Дина Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0