$ 493.85  571.78  6.25

«Бағасы – 200 млн теңге»: Баян Алагөзова күйеуінен алған қымбат сыйлығын көрсетті (ФОТО)

Бұл – швейцариялық люкс брендтің Richard Mille RM 037 үлгісіндегі сағаты.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова Халықаралық Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алған қымбат сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның жұбайы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов актрисаға әлемдегі ең сәнді әрі қымбат брендтердің бірінен бағалы сағат тарту еткен.

Продюсер Instagram желісіндегі сторисінде жаңа сағатын көрсетіп, «Сегізінші наурызға дейін шыдай алмады» және «Рақмет саған, махаббатым» деп жазба қалдырған.

Желі қолданушылары мен мамандардың болжамынша, бұл – швейцариялық люкс брендтің Richard Mille RM 037 үлгісіндегі сағаты.

Аталған модель «ультра-люкс» санатына жатады. Сағаттың корпусы қызғылт алтыннан жасалып, беті гауһар тастармен безендірілген.

Халықаралық сауда алаңы – Chrono24 мәліметінше, бұл модельдің бағасы шамамен 200 мыңнан 450 мың долларға дейін (яғни 90–200 миллион теңге аралығында) болуы мүмкін.

Мұндай бағаға Алматы қаласының орталығынан бірнеше пәтер сатып алуға немесе Bentley Bentayga мен Lamborghini Urus секілді қымбат көліктердің бірін алуға болады.

Айта кетейік, Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсынғали Алагөзов – «Galanz Bottlers» компаниясының негізін қалаушы, танымал қазақстандық кәсіпкерлердің бірі. Forbes рейтингіне сәйкес, оның байлығы шамамен 130 миллион долларды құрайды. Ол Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер тізімінде 61-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 0