Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт?!
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина 8-наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан құттықтау хат алғанын көрсетті. Өнер иесі бұл туралы әлеумметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзадан келген құттықтау жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады. Ел басшысының ықыласы - мен үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік", деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесіне түрлі пікірлер қалдырып, тілектерін жазуда.