Сонымен қатар Бағдат Әшімова жариялаған видеода Асанәлі Әшімовтің шәкірттері келіп, ән айтып, көңілін аулағанын айтты.
Қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялап, көпшілікті толқытты деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бағдат Әшімова 8 наурыз күні Әшімовтер әулетінің зиратына барып, марқұмдардың рухына дұға бағыштағанын айтты.
«Бүгін 8 наурыз. Апамның туған күні. Бүгін сол кісілердің басына келдік. Мәди, Сағи, Айжан, Майра тәте... Жатқан жерлері жайлы болсын», – деп жазды ол.
Сонымен қатар Бағдат Әшімова жариялаған видеода Асанәлі Әшімовтің шәкірттері келіп, ән айтып, көңілін аулағанын айтты.
«Асекенімнің шәкірттері көңілімді аулап, мамалап тұрады. Мың алғыс. Бүгін Асекеңнің анасының туған күні», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Әшімова әнші Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарға қатысып, өмірлік жары туралы естеліктерімен бөліскен болатын.