Актердің таңдауы да актриса – Гулия Узакбаева.
Танымал актер Мансұр Серіков сүйіктісімен некесін қиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актердің таңдауы – актриса Гулия Узакбаева.
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында мұсылманша неке қию рәсімінен үзінді жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті.
«Өмірімнің жаңа парағы», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа әртүрлі пікір білдірді. Бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі сын пікірлер қалдырған.
«Мансұр әйел алудан жалықпайды екен», «Неге қыздарға сабақ болмайды?», «Жылтырағанның бәрі алтын емес» деген пікірлер де жазылды.