10.03.2026, 16:40

«Бір бұтақ гүл алмадым»: Танымал блогер күйеуінен сыйлық алмағанын айтып, егіліп жылады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Блогер бұл жағдай өзін аздап ренжіткенін жасырмады.

Sajol есімімен танылған блогер Сымбат Қасымова 8 наурыздағы күтпеген жағдай туралы айтып, желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, соңғы екі жыл қатарынан күйеуі мереке күні оған гүл сыйламаған.

Блогер бұл жағдай өзін аздап ренжіткенін жасырмады. Ол дәл осы күні жақын адамынан кішкентай болса да көңіл бөлуді, қарапайым сыйлық немесе гүл күтетінін айтты. Sajol үшін мұндай ишаралар әйел адамға деген құрмет пен көңіл бөлудің белгісі екенін жеткізді.

Желіде жарияланған жазба көпшіліктің назарын аударып, қолданушылар арасында түрлі пікірлердің пайда болуына себеп болды. Кейбір оқырмандар блогердің көңіл күйін түсініп, оны қолдап пікір қалдырды. Олардың айтуынша, мереке күні жақын адамынан қарапайым гүл немесе жылы сөз күту – қалыпты жағдай.

Ал енді бірқатар желі қолданушылары бұл мәселеге басқаша көзқарас білдірді. Кейбірі мұндай жағдайға бола ренжудің қажеті жоқ екенін айтып, «Қойшы, жылай бермей», «Өзің барып алып алмайсың ба?», «Ондайға үйреніп қалғанбыз» деген сарында пікірлер жазған.

Осылайша блогердің жеке өміріндегі шағын ғана оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің пікірін екіге бөлді. Бір тарап әйелдерге мереке күні ерекше көңіл бөлінуі керек десе, екінші тарап мұндай сыйлықтардың болмауын үлкен мәселе деп санамайды.