$ 493.85  571.78  6.25

«Жансақтау бөліміне түстім»: Мақпал Жүнісова бір ажалдан аман қалғанын айтты (ВИДЕО)

 Көпшілік өнер иесінің денсаулығына алаңдап, тілектерін жаудырды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке концертінде өзінің 1 ай бұрын қатты сырқаттанып қалғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол инфакрт алып, жансақтау бөліміне түсіп қалған.

"Осыдан бір ай бұрын жансақтауға түсіп қалдым. Инфаркт деген бар екен ғой. Көзім жасаурап тұр. Кетесің деді кетпей қалдық. Осы концерт болсын деген шығар Алла. Шүкір, рахмет айтамыз. Жарқырап, жайнап жүре береміз. Сөйтсек аурудың бәрі жинала береді екен ғой. Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар. Туысқандарымның бәрі жылады. Жыламаңдар дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр ғой. Мен де бір сынығымын, кетсем кетермін", - деді әнші.

 Көпшілік өнер иесінің денсаулығына алаңдап, тілектерін жаудырды.

"Ойбай, Мақпал әпке ауырмаңыз. Осылай жадырап жайнап жүре беріңіз халықтың ерке қызы болып", "Ғұмырыңыз ұзақ болсын апатай", "Аңқылдаған әппақ көңілінен", "Аман болсыншы, қызының қуанышын көрсінші", "Аман-есен жүре берші. Жүзге келші", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0