11.03.2026, 03:30

«501 ақ роза»: Мөлдір Мұқан күтпеген сыйлыққа таңқалды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Балалары анасының мейірімділігі мен даналығын атап өтіп, махаббат пен ризашылығын жеткізді.

 

Мөлдір Мұқанның ұл-қыздары аналарын жылы сөздермен құттықтап, ерекше гүл шоқтарымен желіні таңқалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Сіз жақсы көретен ақ роза, 501 дана! Ең қымбаттым, әлемдегі аяулым, ең сұлуым, жаны мөп-мөлдір АНАШЫМНЫҢ қуанғаны, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз… Жүзіңіздегі күлкіңіз біз үшін – КҮН. Мейрамыңызбен, МАМА!», - деп құттықтады қыздары. 

Балалары анасының мейірімділігі мен даналығын атап өтіп, махаббат пен ризашылығын жеткізді.

Пост әлеуметтік желіде жүрекке жылы тиетін контент ретінде көпшіліктің жүрегін жаулап алды.