"Мен әдетте кез келген адаммен оңай тіл табыса аламын".
Танымал әнші Мақпал Исабекова тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, ол бұрынғы жұбайымен өткен жылдың ақпан айында ресми түрде ажырасқан.
Әнші бұрынғы күйеуімен арада өзара түсініспеушіліктер болғанын ашық айтты. Оның айтуынша, басты мәселе – қарым-қатынаста диалогтың болмауы.
«Мен әдетте кез келген адаммен оңай тіл табыса аламын. Адамдармен танысу, сөйлесу мен үшін қиын емес. Бірақ дәл күйеуіммен қарым-қатынаста қиындық болды. Бізде диалог болмады – тура мағынасында да, астарлы мағынасында да. Қысқасы, біз сөйлесе алмаймыз», – деп түйіндеді Мақпал Исабекова.