Желі қолданушылары да жұптың бірге түскен видеосына жылы пікірлер қалдырды.
Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желіде бірге киноға барған сәттерін бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан жұптың жылы атмосферада уақыт өткізгенін байқауға болады. Актриса өнердегі әріптестерін қолдап "Мама" атты киноны тамашалауға барған. Басты рөлдерді Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина сомдайды.
Желі қолданушылары да жұптың бірге түскен видеосына жылы пікірлер қалдырды.
Көпшілік олардың бірге жүргенін көріп қуанып, «Екеуің бірге жүрсеңдер болды, балаларға өзіміз қараймыз», «Өздері кино болып отыр ғой, қалай қуанбайсың» деп жазған.