Аллаға мың шүкір осындай отбасымның барына!
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желідегі жазбасымен көпшіліктің назарына ілікті. Дина Төреәлі мерекеге Алматыға ата-анасына келгенін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Алматыға балаларымды нағашыларына алып келдім. Өзім ана болсам да маған ана-әке махаббаты керек. Бауырларымның жылулығы күш береді!
Жәй себепсіз сүйікті болып, миың бәрі ерекше демалып, жаңаша эмоция, энергия аласың. Аллаға мың шүкір осындай отбасымның барына», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлі Түркістан қаласына қоныс аударғанын жазған еді. Сондай-ақ, жұлдызды отбасы желіде алдағы жоспарларымен де бөліскен болатын.