"Еш жасандылық жоқ".
Танымал әнші Бүркіт желіде ерекше отбасылық видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол 85 жастағы анасымен жұбайы Аиша екеуі билеген.
Мұндай көңілді сәтке әкесі куә болып, шаттанып отыр.
"85-ке келіп осылай билеп көрші", - деп жазды әнші.
Отбасылық бақытқа тәнті болған оқырмандар, жылы лебіздерін білдірді.
"Ең бастысы ата риза", "Айбек анашың әдемі билеп жүр. Негізі келін енесінің топырағынан - деген сөз рас екен. Әдемі жарасымды жанұясыңдар. Атамыз да риза болып отыр. Нағыз үлгілі, тәрбиелік мәні жоғары дүние көрсетіп тұрсың. Ата- анаңдай әдемі қартаюды Алла нәсіп етсін", "Анасы мен қызы сияқты", "Керемет, бақытты отбасы", "Бүркіт әйел таңдаудан қателеспеген", "Еш жасандылық жоқ", - деп жазды көпшілік.