$ 491.29  562.92  6.1

«Үйленіп алған сияқты»: Димаштың сәбимен түскен видеосы хит болды (ВИДЕО)

Димаштың бұл әрекеті көрермендердің жүрегін елжіретіп, көпшілікке ерекше әсер қалдырған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің сахнада болған ерекше сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Желіде тараған бейнежазбада өнер иесінің концерт кезінде тыңдармандарының бірінің қолындағы сәбиді көтеріп алып, сахнада еркелеткені көрінеді. Димаштың бұл әрекеті көрермендердің жүрегін елжіретіп, көпшілікке ерекше әсер қалдырған.

Видео желі қолданушылары арасында тез таралып, қысқа уақыт ішінде қызу пікірталас тудырды. Көпшілік әншінің балаларға деген мейірімін атап өтіп, оған әке болу жарасатынын айтып жатыр.

Пікір қалдырған жанкүйерлердің бірі: «Жұғысты болсын, Димашқа да үйленіп, бөпелі болу бұйырсын», – деп жазса, тағы біреуі: «Алла оңдап, үйленіп, балалы-шағалы бол, Димаш. Алланың берері көп болсын», – деген тілегін білдірген.

Ал кейбір желі қолданушылары әзіл-шыны аралас: «Үйленіп алған сияқты», «Димашқа жақсы ханшайым бұйырып, бақытты отбасы болсын» деген пікірлер қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0