15.03.2026, 22:30

«Ата-анаңның үмітісің»: Жұлдыз Әбдікәрімова ұлы Нарұлға жазба арнады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Сонымен қатар ол ұлына өмірде өз жолын тауып, армандарының орындалуын тілеген.

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың үлкен ұлы Нарұл 15 жасқа толды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ұлына жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының есейіп келе жатқанын айтып, оның отбасындағы жауапкершілігі де арта түскенін атап өтті.

«Нарұл, енді сенің жауапкершілігің арта түсті. Әпкелерің мен қарындасыңның күлкісі мен қауіпсіздігіне алаңдайтын да – сен. Өкшебасарың Ханның арқа сүйеп, қолдау күтетін ағасы да – өзің», – деп жазды актриса.

Сонымен қатар ол ұлына өмірде өз жолын тауып, армандарының орындалуын тілеген.

«Аталарың мен әжелеріңнің, ағаларыңның, ата-анаңның үмітісің. Осындай үлкен сенімнің арасында өз бағытыңды нық ұстап, өз бақытыңды таба білгеніңді қалаймын. Армандаған барлық жоспарларың жүзеге аса берсін», – деп тілегін жеткізді ол.

Өнер иесі ұлының ақылды, мейірімді әрі қайсар екенін атап өтіп, оған өмір жолында білім мен еңбектің арқасында өз орнын табуын тіледі.