17.03.2026, 12:30

«Мен сахнада ғана бақытты адаммын»: Мақпал Жүнісова жылап қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әншінің айтуынша, ол өзін ең бақытты сезінетін жер – сахна.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өз өмірі мен өнер жолы туралы әсерлі ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Әншінің айтуынша, ол өзін ең бақытты сезінетін жер – сахна. «Бүкіл өмірім ол – өнерім. Мен тек сахнада ғана бақытты адаммын. Жылайтын да, күлетін де кездер болады. Бірақ халықтың махаббаты мені осы күндерге алып келді», – дейді өнер иесі. Әншінің бұл сөзі жанкүйерлерін бейжай қалдырмай, желіде жылы пікірлер жазылып жатыр.