$ 479.02  551.11  5.82

«Әйел адам сатқындықты кешіруі мүмкін...»: Мақпал Исабекова астарлы жазба жариялады

Өнер иесі жариялаған жазбасында әйел затының сатқындыққа деген көзқарасын ашық жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты тағы бір ойымен бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жариялаған жазбасында әйел затының сатқындыққа деген көзқарасын ашық жеткізді.

«Әйел адам сатқындықты кешіруі мүмкін, бірақ оны ешқашан ұмытпайды», — деп жазды әнші.

Бұл сөздер желі қолданушыларының түрлі пікірін туындатты. Көпшілік оның бұл жазбасын жеке өміріндегі жағдаймен байланыстырып, әсіресе бұрынғы қарым-қатынасына қатысты ишара деп қабылдаған.

Пікір қалдырғандардың арасында: «Бұрынғы күйеуіңіз солай жасады ма?», «Ұят екен, қазіргі ер адамдарға не жетпейді?», «Сіз мықтысыз, бастысы – балаларыңыз жаныңызда» деген сынды қолдау мен болжамға толы пікірлер көптеп жазылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0