$ 482.49  556.75  5.79

«Діндар әйел қайта-қайта кешірім сұрады»: Айгүл Иманбаева басынан өткен ерекше оқиғасын айтты (ВИДЕО)

Умра қажылығына анамды апару үшін екі жылдай дайындалдым. 

Фото: instagram.com.aigul.imanbayeva
Фото: instagram.com.aigul.imanbayeva

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева біраз уақыт бұрын басынан өткен ерекше оқиғасы туралы айтып, діндар келіншектің өзінен кешірім сұрағанын жеткізді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Анам көптен бері Меккеге қажылыққа апаруымды өтініп жүрді. Умра қажылығына анамды апару үшін екі жылдай дайындалдым. 

Сұрастырып жүріп, жұрт сенім артқан діндар келіншекпен танысып, уақыты келгенде, Меккеге анамды алып, қажылыққа шықтық. 

Умра қажылығы болса да, барғандар біледі, ол жақта жүріп, тұруың оңай емес. 

Қысқасы, қажылықтан қайтар жолда бізге жетекшілік етіп барған діндар келіншек "Айгүл, сізден кешірім сұраймын" деді. 

Түкке түсінбей, не себепті екенін сұрадым. "Бұған дейін де сіз сияқты танымал кісілерді ертіп келдім. Мазасызданып, "жалғыз жүруім керек", "қонақ үйдің бөлмесі қағбаға қарап тұрсын", "маған анау ұнамайды", "маған мынау ұнамайды" деп әбден шаршатушы еді. 

Сіз де танымал адам болған соң, солай болар ма екен деп қорқып едім. Керісінше, сіздің Мекке арбадағы анаңызды сүйреп, айналаңыздағыларға жәрдем етіп, өте қарапайым қасиетіңізді көрсеткеніңіз...

Сіз туралы білмей жатып, жаман ойлағаным үшін кешірім сұраймын" деді", деген Айгүл Иманбаева өзінің қарапайымдылық қасиетін ерекшелеп айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0