$ 482.49  556.75  5.79

«Әкем арнайы келді»: Төреғали Төреәлі түркістандықтарға ауызашар берді (ВИДЕО)

Өнер иесінің айтуынша, ол жұбайы Толқынмен бірге арнайы Түркістанға барып, алдымен ата-баба рухына тағзым етіп, киелі орындарды аралап, Құран бағыштаған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінің бірінде Түркістан жұртшылығына арнап үлкен ауызашар дастарханын жайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, ол жұбайы Толқынмен бірге арнайы Түркістанға барып, алдымен ата-баба рухына тағзым етіп, киелі орындарды аралап, Құран бағыштаған.

“Кеше, 18 наурыз — қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінің бірінде, жұбайым Толқын екеуміз Түркістан жұртшылығына арнап үлкен ауызашар дастарханын жайдық.

Түркістанға арнайы келген сәттен бастап, алдымен ата-бабалар рухына тағзым етіп, киелі орындарды аралап, Құран бағыштауды жөн көрдік. Бұл — біздің ниетіміздің, құрметіміздің және сәлеміміздің белгісі.

Ауызашар дастарханы — тек ас емес, жүректерді жақындастырған, ниеттерді бір арнаға тоғыстырған берекелі кездесу болды. Онда ардагерлеріміз, ақсақалдар мен ардақты аналар, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет қайраткерлері, білім мен ғылым саласының қызметкерлері, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж жандар мен ерекше жандар бас қосты. Түркістанның әртүрлі қабатын біріктірген осы сәт — мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.

Осындай игі істі бірге атқаруға мүмкіндік бергені үшін Аллаға шүкір етемін. Түркістан — ұлы тарихы мен терең руханияты бар қасиетті мекен, біздің туған топырағымыз, елдің ең асыл қазыналарының бірі.

Әкемнің арнайы келіп, батасын беруі — мен үшін үлкен күш. Әрдайым жанымнан табылатын продюсеріме де алғысым шексіз. Қолдауларыңыз — менің алға басуымның тірегі.

Алда әлі талай жұмыс бар. Ниетіміз түзу болса, бәрі де өз ретімен жүзеге асады деп сенемін.

Рақмет саған, Түркістан”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұл ауызашарға қоғамның түрлі саласының өкілдері қатысып, игі шара көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0